ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Біздің мамандықтар
1305000 - Ақпараттық жүйелер

«Ақпараттық жүйелер»мамандығы

 

ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығынан аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісіне комьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Сол орайда 2007 жылдан бастап Талдықорған агро-техникалық колледжі іргесінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы ашылды.

 

1305000 Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) мамандығы, 130502 3 – «Техник (қолдану салалары бойынша)» біліктілігі бойынша оқу үрдісі ҚР Мемлекетінің жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы «30»желтоқсанда № 673 бұйрығымен бекітілген.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25.12.2009 жылғы №294 хаттамасымен тіркелген үлгілік оқу бағдарламаларының жинағы және соған сәйкес барлық пәндерден құрастырылған жұмыстық оқу бағдарламалары негізінде іске асырылды.

«Ақпаратық жүйелер» мамандығы – коммуникациялық технологияларға байланысты, ең қарқынды дамып келе жатқан және сұранысқа ие мамандықтар қатарында. Компьютерлердің адам қызметінің барлық салаларына енуі, АКТ саласындағы мамандардың бизнеске, өнеркәсіп және басқаруда сұранысы үнемі өсуде. АКТ индустрия әлемді өзгертті және оның одан әрі өзгеруінде маңызды рөл атқарды.

Жоғары білікті мамандарды даярлауда, колледж практиканы, кажетті оқу әдістемелік әдебиеттерді, инженерлік педагогикалық кадрларды, қәзіргі заманға материалдық-техникалық базаны және оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Осы мамандықтар бойынша оқытатын оқытушылар студенттердің кәсіби дағдыларын, шығармашылық және интелектуалды қабілеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдістерін және технологияларын үнемі оқып, қолданып келеді. Оқытушылар білім беру бағдарламаларын іске асыруда, оқытудың: ауызша (лекция, тезистер), көрнекі (презентациялар, схемалар, плакаттар, стендтер), тәжірибелік (зертханалық жабдықтар) дәстүрлі түрлерін, сондай-ақ инновациялық оқыту әдістерін қолданады.

Сабақты жоғары сапада жүргізуді қамтамасыз ету үшін, заманауи компьютерлер және интерактивті тақтамен жабдықталған аудиториялар.бейне проекторлар қолданылды. Практикалық сабақтарды орындауға әдістемелік нұсқаулар қамтамасыз етілген. Оқушылардың мамандықтары бойынша оқыту сапасын арттыру үшін оқытудың инновациялық әдістері кеңінен қолданылады.

Ақпараттық жүйелерде мамандандырылған колледж студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысады.

 

Жас түлек! Болашаққа бізбен бірге қадам бас! 

0518000 - Есеп және аудит

ЕСЕП- БАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

 

«Есеп және аудит» мамандығыны бойынша оқытушылардың алға қойған мақсаты: халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойында сақтау, болашақ мамандардың айналасы мен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, осыған сай мінез -құлқын қалыптастыру және білімді де, білікті мамандық иесі етіп даярлап шығару.

 

"Қазақстанға арналған 1С Бухгалтерия 8.3" бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кел-келген түрін орындайтын ұйымдарда міндетті есеп беруді дайындау.

Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген деректер заң талаптарына сай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы шот және аналитикалық есеп қимасын құруға болады.

Бәсекеге қабілетті маман дайындау- жарқын болашақ пен кемел мемлекеттің табысты кілті болмақ.Өркениетті озық елдер ең алдымен білім беру ісіне нақты назар аудару қажеттілігін ескере отырып, «Есеп және аудит» мамандығы заман талабына сай, білімі терең, оқу мен тәрбиені ұстаздық шеберлік пен ұштастыра білетін және соның нәтижесінде өз жетістіктерімен көзге түсіп жүрген оқытушыларымызда аз емес.

Кез келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін мамандықтар - бухгалтер, экономист, қаржыгер және аудитор. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша жұмыс сонымен шектелмек емес, құзыретті маман дайындауда нәтижеге бағытталған білім сапасын арттырып, әрі қарай еліміздің өркендеуіне үлес қосатын, нарық талабына сай маман дайындау жолында әлі де  биік шыңдарды бағындыруда елеулі еңбек етеміз.

 

ЖАС ТҮЛЕК!  Сіздерді "Есеп және аудит" мамандығы бойынша білім алуға шақырамыз!

1509000 - Экология және табиғатты қорғау қызметі

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ МАМАНДЫҒЫ»

 

Экология – болашағы зор, сұранысқа ие мамандық. Бұл мамандық түлектері ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, орман шарушылығының технигі, табиғатты қорғау мекемелерінде, зертханалық орындарда зертханашы қызметін атқара алады.

 

1509023 – « Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың технигі» біліктілігінің атқаратын қызметтері.

1. Қадағалау пункттері мен бекеттерінің техникалық жұмыстарын орындау

2. Жұмыс бекеттерінде профилактикалық жұмыстарды жүргізу, техникалық құралдарды түгендеу, жұмыстардын қауіпсіз жүргізілуін, еңбек қорғау нормалары мен қауіпсіздік ережелерінің орындалуын, өндірістік тазалықты және өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасы бойынша «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының білім алушылары барлық тараптың қызығушылықтарын ескере отырып, базалық және кәсіптік құзыреттілікті төмендегідей бағытта қолдана алады:

-Әлеуметтік-экологиялық мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау;

-Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және қорғау жүйесін ұйымдастыра білу;

-Атмосфералық ауаның ластауына бақылау жүргізу;

-Табиғи сулардың ластауына бақылау жүргізу;

-Топырақтың ластауына бақылау жүргізу;

-Экологиялық мониторинг жүргізу;

Колледж заманауи материалдық-техникалық базамен, инжинер-педагог құрамымен, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз ете отырып, оқу тәжірибесі мен оқыту жүйесін ұйымдастырады.

Білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар дайындау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі. Қазіргі таңда «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Алматы облысында ландшафтық жер бедерінің ерекшелігіне байланысты басқа облыстарға қарағанда қозғалатын табиғат обьектілері өте көп. Алматы облысы жер көлемінің табиғат ресурстарын қорғауға ұйымдастырылған МҰТБ, қорықтар, қорықшалар, табиғат ескерткіштері 5709984 га құрайды. Осы табиғат аумақтарында жұмыс істеуге біздің колледж түлектері көптеп тартылуда.

«Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығын 2015 жылы бітірген түлектерінің жұмысқа орналасуы 83%-ды құраса, 2016 жылғы түлектердің 29%, 2018 жылғы түлектердің жұмысқа орналасуы 37%-ды құраса, 2019 жылғы түлектеріміздің 10% жұмысқа орналасты.

Өндірістік оқу тәжірибесін өту үшін оқу орны мен (колледж) «Жоңғар Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саябағы және «Алтынемел» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саябақтары арасында екі жақты келісім шарт жасалған.

«Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының студенттері ғылыми-ізденіс жұмыстары бойынша әртүрлі байқауларға жыл сайын қатысып отырады.

 

Болашақ жас маман, сіздерді «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығына оқуға шақырамыз!

1513000 - Ветеринария

ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІ

 

Талдықорған агро-техникалық колледжінің «Ветеринария» бөлімінің 75 жылдық тарихы бар. Бөлім қабырғасынан осы жылдар аралығында еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мыңдаған білікті маман түлеп ұшты.

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 45 пайызын мал шаруашылығы құрайды, осыған байланысты ветеринар мамандарына жылдан-жылға сұүраныс көбеюде. Қазіргі таңда колледжде 1513000 - «Ветеринария» мамандығы бойынша 151303 2 - Ветеринарлық-санитар, 151302 2 - Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы, 151306 3 - Ветеринарлық-техник біліктіліктері бойынша болашақ мамандарды дайындауда. Мемлекеттік желі, кеден қызметі, ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелері, фермерлік шаруашылықтардағы жұмыс үшін және бөлімше басшысының маманы ретінде мамандар дайындалады. 2017 жылдан бастап колледж «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында ветеринарлық санитар және жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы біліктілігі бойынша жұмысшы мамамдар дайындауда. Бұл мамандықтың ерекшелігі – студенттер алған білімдерін нақты өндірістік қызыметтерде пайдалана алады және олардың тәжірибе жұмысына үлкен мән беріледі. Бұл орайда әлеуметтік серіктестіктің атқаратын рөлі маңызды. Колледж аудандардың ветеринарлық бөлімдерімен, «Шаңырақ» ШҚ, «Алакөл-Агро» ЖШС кәсіпорындарымен үшжақты меморандумға қол қойды. Атаулы кәсіпорындарда студенттеріміз көктем-күз кезінде маусымдық жұмыстарға қатысып, өндірістік, диплом алдындағы тәжірибелерінен өтеді. Түлектеріміз оқуын аяқтаған соң осы шаруашылықтарға жұмысқа орналасып жатады.

Ветеринария мамандығы бойынша қазіргі таңда колледжде 540-тан астам студент білім алуда. Оларға арнайы жоғары білімі бар, ғылыми-техникалық ақпараттарды меңгерген, «Ветеринария» пәндік-циклдік комиссиясының 20 оқытушысы білім беруде. Студенттердің білімін арттыру мақсатында мамандыққа арналған 12 кабинет, 7 лаборатория, Ветеринарлық клиника, қазіргі заман талабына сай жабдықтармен (микроскоп АЛЬТАМИ БИО 4, трихинеллескоп PANTNER DT 10М, ветеринарлық тасымалданбалы узд сканері, овоскоп, ветеринарлық электрокардиограф,бу стерилизаторы (автоклав), дистилятор, бинокулярлық микроскоп тар, «Лактан 1-4» сүт талдағышы, рН-метр, термостат, су моншасы, ламинарлы шкаф, т.б.) қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда студенттер барлық тәжірбиелік және зертханалық сабақтарын сол жерде өткізуде. Сонымен қатар, Ветеринарлық клиникада жұмыс істеу әртүрлі ветеринариялық санитарлық сараптамамен қатар, микробиологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулер де жүргізіледі.

Ветеринария мамандығының оқытушылары өз біліктіліктерін халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде шыңдап, кәсіби білікті маман болуларына өзіндік үлес қосуда.

 

Жас түлек, сіздерді «Ветеринария» мамандығы бойынша оқуга шақырамыз!

1224000 - Сүт өнімдері өндірісі

«СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ» МАМАНДЫҒЫ

 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді өнеркәсіптік технологияға көшіру, еңбекті ұйымдастыруды жаңаша жолға қою, әр алынатын өнімнің мөлшерін молайтып, сапасын жақсарта түсу, өнімдерінің өзіндік құнын кеміту, автоматтандыру, өндірістік қорларды неғұрлым дұрыс пайдалану – аграрлық кешенді интенсивтендірудің бірден-бір кепілі.

 

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаулысына сәйкес Талдықорған зоотехникалық- малдәрігерлік техникумы 1990 жылдан 1224000 - Сүт өнімдері өндірісі мамандарын даярлай бастады.

«Сүт және сүт тағамдарын өндіру технологиясы» мамандығы №0000280 мемлекеттік лицензиясы бойынша құрылды. Техникумның қабылдау комиссиясының №11 10.08.1991 жылғы хаттамасы және №183-У, 27.08.1991ж. бұйрығына сәйкес алғашқы студенттер қатарына 11-сынып негізінде 261, орыс тобына 28 студент қабылданды. Құрылған күннен бастап 2000 жылға дейін осы мамандық бойынша 11 - сынып негізінде 7 топ, яғни 159 оқушы білім алды. 2002 жылдан бастап қазіргі таңға дейін әр оқу жылында «Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі» деп аталып жыл сайын студенттер қабылдануда. Жалпы осы мамандық құрылған күннен бастап 375 студент білім алды, 14 топ бітірді.

«Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған агро- техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бақылау Комитеті, Алматы облыстық білім саласын бақылау Департаментінен берілген №13016699 24.10.2013 жылғы (№715-ө бұйрық 24.10.2013ж) лицензия негізінде 1224000 «Сүт өнімдерінің өндірісі» (түрлері бойынша) мамандығы бойынша 13016699 лицензиясы негізінде №161, 27.03.2017ж 1224052 - Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері, 13016699 лицензиясы негізінде №334- ө, 9.06.2017ж 1224062 - Сүт өнімдері өндірісіндегі автоматты желілер операторы мамандарын дайындайды.

1224000 «Сүт өнімдерінің өндірісі» (түрлері бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты – алған білімдерін нақты өндірісітік қызметтерге пайдалана алатын, дайындалатын сүт сапасын көтеру және құрамын жақсарту бойынша жұмыстың мақсаттылығын жүргізе алатын, сүт дайындауды ұйымдастыра алатын, рационалдық, технологиялық жүйелерді таңдау және өндірудің нақты жағдайларын есептеумен сүт өнімдерін өңдеу тәртібі және тұтынушы талаптарын, сүт өнімдерін өңдеу және сүтті қайта даярлауды қалдықсыз өндіруді ұйымдастыра алатын, өңделетін сүт өнімдерін таңдай алатын білікті де құзіретті маман дайындау.

Білім беру бағадарламасының құрамында ПЦК меңгерушісі, арнайы пән оқытушылары, колледж әкімшілігі, әлеуметтік серіктестер бар жұмысшы тобы дайындайды.

Колледж заманауи материалдық-техникалық базамен, инженер-педагог құрамымен, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ете отырып оқу тәжірибесі мен оқыту жүйесін ұйымдастырады.

1224000 – «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығы білім бағдарламасы бойынша қажетті оқу және ғылыми әдебиеттер – 327 дана, оның 244-і қазақ тілінде, 83 – орыс тілінде. Электронды оқулық – 2.

1224000 «Сүт өнімдерінің өндірісі»(түрлері бойынша) мамандығының оқу жұмыс жоспарында тәжірибенің үш түрі қамтылған, олар: оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибесі. Тәжірибенің барлық түрлері білім беру процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі және мамандықтың негізгі кәсіпорындарымен келісіледі. Өндірістік оқу тәжірибесі – барлық тәжірибе түрлері бойынша іс-тәжірибеден өту мерзімі, орны және студенттер тізімі көрсетіле отырып, директордың бұйрығымен іске асырылады

Білікті мамандар даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшін және кәсіптік білім беру – еңбек нарығының сұранысы екенін негізге ала отырып, колледж бен кәсіпорын арасында жасалған келісім-шарттар бойынша студенттер оқу, ендірістік және диплом алды тәжірибелерді жергілікті кәсіпорындардан өтеді. «Сүт енімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес, қорытынды аттестациядан өткен студенттерге Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен «Техник-технолог» біліктілігі беріледі.

1306000 - Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

«РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫ

 

Радиоэлектроника және байланыс мамандығы 2009 жылдан бастап дайындала бастады. Қазіргі таңда мамандықты даярлау 2013 жылғы 24 қазан №13016699 лицензиясы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен берілген (2013 жылғы 24 қазанындағы №13016699 лицензияға қосымша) негізінде жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №273 «03» маусым 2008 жылғы бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік мамандықтар классификаторларына сәйкес, 1306000 – Радиоэлектроника және байланыс мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасы негізінде іске асырылады.

Радиоэлектроника және байланыс техник-радиотехнигі электронды АТС-та, телекоммуникация, темір жол, теледидар, радио саласында байланысшы, компьютерлік және телекоммуникациялық желісін құру монтажнигі болып жұмыс істей алады.

АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Радиоэлектроника және байланыс мамандығы бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегіне сұраныс бойынша осы салада маман даярлаудамыз. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді табысты игеру үшін бейімдеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстар, кәсіптік дағдыларды иелену мен бекіту үшін өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің неғұрлым күрделі және аралас кәсіптері мамандықтары бойынша жоғары технологиялар мен кәсіптік қызметке байланысты экономиканың барлық салаларына арнап кадрлар даярлау көзделіп отыр.

Қазіргі әлемде радиоэлектроника, жалпы байланыс саласы адам қызметінің неғұрлым басым және ғылымды қажетсінетін салаларының бірі болып табылады. Байланыс қызметіне қатысу мемлекеттің саяси беделін, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын біршама айқындайды. Әлбетте, жоғары білікті кадрларсыз радиоэлектроника және байланыс саласының дамуының стратегиялық бағдарын жүзеге асыру мүмкін емес.

2018 жылы колледжімізде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА-IQАА) акрредитация өткізді. Осы акрредитациядан «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы да сәтті өтті.

 

Еліміздің ертеңгі технологияны бес саусағындай меңгерген жастар көп болсын десеңіздер, онда «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына келіңіз!

1219000 - Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

«НАН ПІСІРУ, МАКАРОН ЖӘНЕ КОНДИТЕРЛІК ӨНДІРІСІ» МАМАНДЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаулысына сәйкес «Талдықорған агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны дайындайтын 8 мамандықтың бірі – Мамандығы: 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі», Біліктілігі: 121924 3 – «Техник-технолог» мамандары даярланады. Мамандықты даярлау колледж оқытушыларымен және зауыт шеберлерімен жүргізіледі. Бұл мамандық барлық «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» өнімдерін өндіру салаларында қажетті.

 

1219000 – Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы бойынша мамандарды даярлаудың негізі 2003 жылы қаланды. Мамандыққа дайындау ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім стандартына сәйкес 11.12.2009 жылы берілген №0142390 лицензияға сәйкес іске асырылады. «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы №0000280 мемлекеттік лицензиясы бойынша құрылды. Колледждің қабылдау комисиясының №11 10.08.2003 жылғы хаттамасы негізінде №110 29.08.2003 бұйрығы бойынша алғашқы студенттер қатарына 11 сынып базасында 222, орыс тобына 18 студент қабылданды.

«Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі»мамандығы студенттері ғылыми-ізденіс жұмыстары бойынша әртүрлі байқауларға қатысып отырады.

Оқып жатқан курсы бойынша оқу жоспарының барлық талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттау бойынша сынақтар мен емтихандарды сәтті тапсырған студенттер колледж директорының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

1219000 – «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы бойынша түлектер кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- Нан, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде технологиялық үрдісті жүргізуді;

- Инженер-техниктің жұмысын, цех бастығының, зертхана меңгерушісінің жұмыстарын орындауды;

- Өндіріске технологиялық және микробиологиялық бақылауды ұйымдастыруды;

- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын анықтауды;

- Технологиялық үрдісті дұрыс жүргізбеу себебінен болатын өзгерістер мен жабдықтардың бұзылуын анықтауды;

- Шикізат сапасына байланысты технологиялық үрдістердің өзгеруін;

- Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігін сақтауды;

- Нан, макарон және кондитер өндірісінің жабдықтарын пайдалануды.

«Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» маманы технологиялық процестерді орындау, кәсіпорында техно-химиялық және микробиологиялық тексеруді ұйымдастыру, дайын өнім мен шикізаттың сапасын анықтау, түрлі нан, макарон және кондитер өнімдерін дайындауда бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Құрылған күннен бастап күні бүгінге дейін 2002-2019 жылдар аралығында 330 студент білім алды, 15 топ бітірді. «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» білім беру бағдарламасының мақсаты – алған білімдерін нақты өндірістік қызметтерге пайдалана алатын, шикізат пен дайын өнімнің сапасын анықтайтын, технологиялық үрдістерді дұрыс жүргізбеу себебінен болатын өзгерістер мен жабдықтардың бұзылуын анықтауды және шикізат сапасына байланысты технологиялық үрдістерді өзгертетін, жұмыстың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етіп және еңбекті қорғау, өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін бақылайтын, өндірістегі жабдықтарды пайдалана білетін білікті де құзіретті маман дайындау болып табылады.

 

«Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандыгы бойынша білім алуға шақырамыз!